Jańalyqtar
Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды
2020 жылғы 30 қазан 18:48
Бөлісіңіз:

ИЗМИР. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияның батысында жұма күні магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген.
Зілзала ошағы - 16,5 шақырым тереңдікте.
Жер сілкінісі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.
Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қираған.
Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Жамбыл облысында халыққа қауіп төндіретін 14 су қоймасы бар
- Қызылордада коронавирусты негізінен орта жастағы кісілер жұқтырған
- Петропавлда жаяу жүргінші екі мәрте көлік астына түсіп, мерт болды
- Тоңазытқышта өлген сәби: Атырауда перзентхана дәрігерлеріне сот үкімі шықты
-
«Қызыл» аймақтағы Павлодардың ауылдық жерлерінде коронавирус өршіп тұр
-
Батыс Қазақстанда індет жұқтырған 28 адам жансақтау бөлімінде жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER