Түркияның батысында 450 гектар орман өртеніп жатыр

None
None
ЧАНАККАЛЕ. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияның батысындағы Гелиболу түбегінде екі күннен бері орман өрті өршіп тұр, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Өртті сөндіруге авиация күші жұмылдырылған. Қызыл жалынның басылмай тұрғанына 16 сағаттан асып кетті.

Өткен түннен бері арнайы техника тартылып, құтқарушылар өртті сөндіруге барын салды. Оларға жергілікті тұрғындар көмекке келді.

Ауыл және орман шаруашылығы министрі Экрем Пакдемирлі Чанаккале провинциясындағы өрт сөндіру процесін жеке өзі қадағалап отыр.

Пакдемирлінің айтуынша, тілсіз жаудан 450 гектар орман зардап шеккен. Өрт қатаң бақылауға алынды.

Илгардере және Ялова елдімекендері маңында оттың тұтануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.


Соңғы жаңалықтар