Түркияның бас консулы атыраулық дәрігерлерге алғысын білдірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Түркияның Ақтау қаласындағы бас консулы атыраулық дәрігерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым Атыраудағы №2 облыстық ауруханасының директорына алғыс хат жолдаған.

«Атырау облысының Теңіз кентінде жұмыс істеу барысында коронавирус індетін жұқтырған Түркия Республикасының азаматы Хаджы Чағлардың №2 облыстық ауруханада емделуіне көңіл бөлгені инфекциялық бөлімнің дәрігерлеріне, медбикелеріне, барша медицина саласының қызметкерлеріне шын көңілден ризашылық білдіреміз» - делінген Түркияның бас консулы жодаған хатта.

Сондай-ақ, ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне де ризашылығын білдірген.

«COVID-19 індетімен күресте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына және халқына табандылық пен жетістіктер тілеймін», - дейді Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым.


Соңғы жаңалықтар