Түркияның Анталья қаласында Қазақстан Республикасының Консулдығы ашылды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Түркияның  Анталья  қаласында ресми түрде Қазақстан Республикасының  Консулдығы ашылды.

Бұл танымал аймақта бұған дейін Германия, Ресей және Ұлыбританияның Консулдықтары ашылған болатын.

Аталмыш шараға провинция Губернаторы Ахмет Алтыпармак, ҚР Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, жетекші іскерлер мен өнеркәсіпшілер,  өнер, білім, мәдениет және спорт салаларындағы танымал тұлғалар, сондай-ақ  ұлттық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты.

А. Алтынпарак өз сөзінде Антальяда Қазақстан Республикасының Консудығының ашылуымен құттықтап, қазақстандық консулдықтың бұл аймақта ашылуы провинция басқармасы мен тұрғындары үшін үлкен мәртебе екендігін айтып өтті.

"Екіжақты қатынастар жыл сайын тереңдей түсуде, бұл өз кезегінде Қазақстаннан келетін туристер санының артуына себепші болып отыр. Бұл өте қуантарлық жағдай және біз өз кезегімізде қонақжайлылығымызды ең жоғарғы деңгейде көрсетуге тырысудамыз",  - деді Анталья басшысы.

Елші Ж.Түймебаев, Қазақстан басшылығының аталмыш провинцияда ҚР Консулдығының ашылу қарарының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар 2012 жылы Анталья провинциясында қазақстандық іскерлік қауым өкілдерінің  қатысуымен түрлі шаралардың өткізілуі, сондай-ақ  еліміздің шығармашылық топтарының қатысуымен де шаралардың ұйымдастырылуы, бұған қоса Анталья демалыс өткізу үшін   қазақстандық азаматтар тандап алатын басымдықты жер екендігін айтып өтті. «Осылайша 2011 жылы Түркияға демалуға келетін қазақстадық туристер саны 300 мыңнан асып, олардың көп бөлігі Анталья қаласына бет бұрып отыр», - деді Елші.

Салтанатты шараның соңында қатысушыларға ҚР Елшілігі тарапынан басып шығарылған түрік тіліндегі Қазақстан және еліміздің инвестициялык климаты жөніндегі кітаптар табыс етілді. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарының 20 жылдығына негізделген фотокөрме ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар