Түркияның «Ахи Евран» университетінде қазақ-түрік қатынастарының 20 жылдығына арналған конференция өтті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Түркияның «Ахи Евран» университетінде қазақ-түрік қатынастарының 20 жылдығына арналған конференция өтті.

Оған губернатор О.Чакаджак, ҚР-ның ТР-дағы Елшісі Ж.Түймебаев, мэр Я.Бахчеджы, университет ректоры, профессор Кудрет Сайлам, аймақтың қоғамдық-саяси, академиялық топтарының өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Конференция жұмысында Түркі Кеңесінің Бас хатшысының орынбасары Дархан Қыдырәлі, «ТОВВ» универсиетінің доценті Тугрул Исмаил, «Кастамону» университетінің доценті Ахмет Шимшек баяндама жасады. Баяндамашылар стратегиялық әріптестік рухында даму үстіндегі екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өте отырып, Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстанның  қол жеткізген жетістіктеріне қанағаттанушылық білдірді. Н.Назарбаевтың көпұлтты және көпконфессиялы қазақстандық қоғамды құрудағы және үйлесімді дамытудағы орасан зор рөліне екпін берілді.

Конференция аясында болған маңызы жоғары оқиғалардың бірі - аталған университетте «Қазақстан» атындағы аудиторияның ашылуы. «Қазақстан бауырлас ел болып табылады, екіжақты қатынастарымыз стратегиялық әріптестік деңгейінде ілгері жылжуда. Сондықтан университет сенаты  біздің оқу орнымыздағы үлкен аудиториялардың бірін «Қазақстан» атымен атауға шешім қабылдады», - деді университет ректоры, профессор Кудрет Сайлам.

Конференция шеңберінде Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің шығармашылық тобының концерті мен Тәуелсіздіктің 20 жылы ішіндегі Қазақстанның жетістіктері туралы суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар