Түркияның Адана қаласында Н.Назарбаев атындағы даңғыл ашылды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерорта теңізінің төңірегінде орналасқан Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы даңғылдың ашылу салтанаты өтті.

Бұл туралы Түркиядағы ҚР елшілігінен хабарлады.

Адана өнеркәсіптік және ауылшаруашылық инфрақұрылымы дамыған Түркияның халқы саны бойынша алтыншы қаласы болып табылады (2,2 млн. адам). Қалада елдің ең ірі индустриялық аймақтарының бірі орналасқан. Адананың тарихы б.з. 9-шы ғасырынан бастау алып, әр түрлі заманда Рим, Византия және Осман империяларының құрамына енген болатын. Қаланың орналасқан жері Чукурова алқабы маңызды ауылшаруашылық аймағы болып, сол жерлерде мақта, бидай, арпа, жүзім, зәйтүн, темекі және басқалары өсіріледі. Оның жылдық табысы 30 млрд. доллар шамасында.

Қала ірі даңғылдарының біріне Н.Ә.Назарбаевтың атын беру туралы шешім Адана аймағы мәслихатының Қазақстанның Тұңғыш Президентінің құрметіне өткізілген отырысы барысында қабылданды.

Даңғыл қала орталығындағы Адананың ең көне колледжі тұрған жерде орналасқан.

Ашылу салтанаты барысында Адананың губернаторы Мұстафа Бүюк пен мэрі Хүсейін Сөзлю Қазақстан экономикасының ырғақты дамуын, сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығындағы еліміздің жетістіктерін жоғары бағалады. М.Бүюк пен Х.Сөзлю Қазақстан Елбасының қазақ-түрік қарым-қатынасы мен түркі интеграциясы төңірегіндегі зор үлесін атап өтті. Адана қаласының орталық даңғылдарының біріне әлемдік деңгейде беделді түркі әлемінің Ақсақалы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімін беру мәселесі қала үшін аса құрмет болып табылады.

«Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев халықаралық деңгейдегі атақты тұлға болып табылады, ал елінің болашақ дамуы жөніндегі стратегияларының Түркияның негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің көзқарастарымен сәйкестігін аңғаруға болады. Қазақстанның әлемнің көптеген мемлекеттері үшін өркендеу, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символы екендігін айта кеткім келеді», - деп мәлім етті губернатор М.Бүюк.

Өз кезегінде Елші Ж.Түймебаев провинция басшылығы мен қала тұрғындарына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы арқылы Қазақстан халқына білдірілген сый-құрметі үшін ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар