Түркиямен арадағы келісімдерді жүзеге асыру жеке бақылауымда болады – Президент

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу барысында бұл шараның Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайта түсуге септігін тигізеріне сенімділік білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін біздің елдеріміздің компаниялары арасында 30 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Оның бәрі екі елдің алыс-берісін жандандыруға тың серпін береді деп сенемін. Баршаңызды бізбен бірлесіп, өзара тиімді жұмыс істеу үшін Қазақстанға шақырамын. Ең басты мәселе – қол жеткізетін келісімдерді жүзеге асыру. Бұл өте маңызды. Сондықтан, менің жеке бақылауымда болады!» - деді Президент.



Мемлекет басшысы келешекте қазақ-түрік достығы нығая беретініне кәміл сенетінін айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар