+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Түркиялық фридайвер әлемдік рекордты жаңартты

2021 жылғы 26 қазан 15:26
Бөлісіңіз:
Түркиялық фридайвер әлемдік рекордты жаңартты

АНТАЛЬЯ. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркиялық фридайвер Шахика Эржүмен Антальяның Каш ауданында теңізге 100 метр тереңге сүңгіп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркиялық спортшының сүңгуін Шабан өңірінің басшысы Арда Языджы мен Каш муниципалитетінің басшысы Мутлу Улуташ бақылап тұрды.

Спортшы 100 метр тереңге ескекаяқ пен түтікшесіз 2 минут 53 секунд түсіп шықты. Оның айтуынша, ол өз жеңісін Түркия Республикасы мен Қарулы күштерінің 98 жылдығына арнаған.
«Мен тереңге сүңги алғаным үшін қуанып тұрмын. Осы әлемдік рекорд арқылы жұртшылықтың назарын климаттық кризис, жаһандық жылыну және гендерлік теңдік сияқты мәселелерге назар аударғым келді», - деді Эржүмен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT