Түркиялық БАҚ Қазақстанның төлқұжатын «ең мықты» деп бағалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия радио теледидар агенттігі Қазақстан мен Қырғызстанның төлқұжаттары Орталық Азияда «ең мықты» деп танылды, деп хабарлады.

Аталған ақпарат көзі бұны «Passport Index» агенттігінің жариялаған дерегіне сүйене отырып мәлімдеген.

«Виза таңдауы тұрғысынан «Passport Index» агенттігі елдердің тізімін жариялады. Тізімде Қазақстан мен Қырғызстанның төлқұжаттары Орталық Азияда «ең мықты» деп танылды.

Агенттік тізімінде төлқұжаттың «мықтылығы» визасыз бара алатын елдер санына қарай анықталды.

Азаматтары 71 елге визасыз бара алатын Қазақстан аталмыш тізімде 56-шы кезекте. Қырғызстан болса 58 елге визасыз бара алады. Ол тізімде 68-ші кезекте. Тәжікстан азаматтары 54 ел, Түрікменстан азаматтары 48 елге визасыз бара алады.

Тізімде Германия мен Сингапур бірінші орында тұр. Осы елдің азаматтары 158 елге визасыз барады.

Ауғанстан болса ең соңғы орында тұр. Осы елдің төлқұжатына ие азаматтар тек 24 елге визасыз бара алады» деп жазады түркиялық trt.net.tr агенттігі.

Соңғы жаңалықтар