Түркияға ұшқан қазақстандық құтқарушылар борты Газиантеп қаласына қонады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер борты Газиантеп қаласына қонады. Бұл туралы ҚазАқпараттың Түркиядағы меншікті тілшісі Ақжігіт Шүкібай хабарлайды.

Меншікті тілшінің айтуынша, Қазақстанның Түркия Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлерді қарсы алуға кетті. Алдын ала ақпарат бойынша борт Газиантеп қаласына қонады.

Қазақстандық құтқарушылар ұшағы Түркияға шамамен – 5 сағат 40 минуттан кейін қонады. Құтқарушыларды Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қызметкерлері қарсы алады. Олар алдағы жұмыстардың барысын анықтауға көмектеседі.

Айта кетейік, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.

Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.


Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар