Түркияға ұшатын рейс саны азайтылады – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 қазаннан бастап әуе қатынасы жаңартылған барлық елдерге әуе қатынасын тоқтату және рейс санын көбейтпеу, Түркияға ұшатын рейс санын азайту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР ДСМ өзекті мәселелері: Пандемия кезіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі туралы» тақырыпта өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясымен ауырғандар бойынша эпидемилогиялық жағдай тұрақталды. Қазіргі кезде ауырған адамдар саны – 17 979, соңғы тәулікте 71 адамның ауырғаны ПТР тест арқылы анықталды. 3308 адам ем алып жатса, 102 938 немесе 95,3% адам емделіп шықты. 1734 адам осы дерттен көз көз жұмды. Сондай-ақ, елімізде тамыз айының басынан бастап коронавируспен ауырған болуы мүмкін 303 000-ге жуық адам тіркелсе, оның 305-і көз жұмды «, - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ол елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанмен, басқа мемлекеттерде жағдай нашарлап бара жатқанын айтты.

«Қазақстанға инфекция әкелудің алдын алу мақсатында ведомствоаралық комиссия биыл 5 қазаннан бастап әуе қатынасы жаңартылған барлық елдерге әуе қатынасын тоқтату және рейс санын көбейтпеу, Түркияға ұшатын рейс санын азайту, екінші санаттағы елдерден ұшып келген тұлғалардан анкета толтыру, термометриядан өту және Covid-19-бен ауырмайтыны туралы анықтама талап етілетіні туралы шешім қабылдады. Ол анықтама үш күнге жарамды. Анықтама болмаған жағдайда Қазақстанға ұшып келген жолаушы карантиндік стационарға 2 күнге оқшауланады. Ол жерде лабораториялық тексерістен өткен кезде ауру жұқтырғаны анықталған адам инфекциялық ауруханаға жатқызылады. ЕАЭО құрамына кіретін елдер мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасынан өтетін пунктерде де осындай талаптар қойылады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар