+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Түркияға Sputnik V вакцинасының 50 млн дозасы жеткізіледі

2021 жылғы 29 сәуір 09:52
Бөлісіңіз:
Түркияға Sputnik V вакцинасының 50 млн дозасы жеткізіледі

АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркия Sputnik V ресейлік вакцинасының 50 млн дозасын алу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, вакцинаны алу шаралары мамыр айында басталмақ. Екпе топтамасы Түркияға алдағы жарты жыл ішінде жеткізіліп жеткізіледі.

Фахреттин Коджа қазіргі кезде Түркияда қолданыстағы BioNtech вакцинасының екі дозасын салу аралығы 6-7 аптаға дейін ұзартылғанын айтты.

Сонымен қатар министр ел аумағында тіркелген коронавирустың жаңа түрлерін жұқтыру оқиғалары туралы ақпарат берді.

«Үнділік нұсқа Ыстанбұлдағы 5 азаматымыздан табылды. Бұл нұсқа бірінші рет анықталып отыр, сол себепті жұқтыру оқиғасы жеке тексеріледі», - деді Түркия министрі.

Сонымен қатар ол жақын арада Түркияда «Фаза-3» сынағы аясында түркиялық белсендірілмеген вакцинаны тестілеу басталатынын атап өтті. Министрдің айтуынша, бұл – препаратты жалпы қолданысқа шығару алдындағы соңғы қадам.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT