Түркиядан келген байқаушы Алматыда сайлау процесінің әділ өтіп жатқандығын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда халықаралық байқаушылар сайлау процесінің қалай жүріп жатқандығы жөніндегі өз ойларымен бөлісті. Оның ішінде дауыс беру процесінің ашықтығы, жұмыс сапасы, дайындық барысы туралы айтылды.

«Біз бүгінде сайлау процесін бақылауға келдік. Түркітілдес елдердің ішінен 2 топ жұмыс жасап жатыр. Олардың бірі Қызылордада, екіншісі Алматыда. Барлығы 18 бақылаушы қадағалап жатыр. Таңертеңгі 7.00-ден Медеу және Бостандық аудандарындағы 10 сайлау учаскесіне қатыстық. Халықтың саяси белсенділігі жоғары. Сайлау ҚР заңнамаларына және халықаралық стандарттарға сай өтіп жатыр», - деді Түркітілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысының орынбасары Омер Кожаман.

Аталған делегация ертең сайлау процесі бойынша толыққанды есеп ұсынбақ.

Айта кету керек, Қазақстандағы сайлауға аталған кеңестің байқаушылары жиі қатысады.

«Қазақстан біз үшін - екінші отанымыз. Түркияда Қазақстанды «атажұрт» деп атайды. Елдің қарқынды даму көрсеткіші бізді қуантады. Сайлау процесі әділ өтіп жатыр», - деді халқаралық байқаушы.

Соңғы жаңалықтар