Түркиядан Қазақстанға өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әуежайына өкпені жасанды желдету аппараты жинағын тасымалдаған ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өкпені жасанды желдету аппаратын, індетпен күресті қолдау ретінде, Қазақстанға Beko тұрмыстық техникасының еуропалық бренді жіберді.

Медициналық жабдық Түркияның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен ынтымақтастықта жобаланып, жасап шығарылды. Олар қауіпсіздіктің барлық халықаралық талаптары мен стандарттарына жауап береді.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, биыл көктемде 120 инженерден тұратын топ бар-жоғы 2 аптаның ішінде Ыстанбұл қаласындағы Arcelik Garage - ашық инновациялық орталығында аппараттың алғашқы прототипін жобалап, тестілеуден өткізді. Маусым айының басына қарай оның Cerkezkoy electronics орталығында коммерциялық негізде ел ішіне және одан тыс жерлерге беру үшін 5000 аппарат жасап шығарылды.

Осы игі бастама шеңберінде 5 аппаратты Қазақстан алды.

Өкпені жасанды желдету аппараттары кедендік тексеруден өтіп, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына берілді.


Соңғы жаңалықтар