Түркиядан Қайып xанның Османлы сұлтаны ІІІ Аxметпен жазысқан xаттары жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық музейде «Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» атты көрме ашылды. Тарихи құжаттардың арасында Қазақ ханы Мұхаммет Қайып хан мен Османлы сұлтанының 1713 жылы жазылған хаттары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының және Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Көрмеге Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтарының қарым-қатынастарын баяндайтын 40 құжат қойылып отыр. Олардың барлығы Түркия мемлекетіне қарасты Османлы мұрағатынан алынған. Құжаттар арасында Қазақ ханы Мұхаммет Қайып хан мен Османлы сұлтанының 1713 жылы жазылған хаттары сияқты деректер Қазақстан халқына тұңғыш рет ұсынылуда.
null 

Көрмеге қойылатын хаттардың ішінде Қазақ ханы Қайып Мұхаммедке жолданған Османлы сұлтаны ІІІ Аxмет сұлтанның хатының көшірмесі (1713 жылғы 21 тамыз), Қазақ ханы Қайып Мұхаммед  жолдаған он бөлек сый-сияпат тіркелген дәптердің көшірмесі (1713 жылғы  21 тамыз), Қазақ ханы Қайып Мұхамметтің елшісі Сейіт Мұхаммедқұл бей тапсырған хаттың аудармасының көшірмесі (1714 жыл 16 қаңтар), Қазақ ханы Қайып Мұхаммедтің  елшісі Мұхаммед құлдың ауызша сәлемінің қағазға түсірілген нұсқасы (1714 жылғы 16 қаңтар), Қазақ ханы Қайып Мұхаммедтен келген хаттың көшірмесі (хатта Османлы мемлекетінің шынайы досы екендері, әр дайым дұға ететіндері туралы жазылған, 1716 жылғы  14 желтоқсан),  М. Лессардың Орталық Азия саяхаты туралы «Central Asia No1» деп аталатын рапортының таныстырылымы (1883 жыл), Түркістан аймағының Берлинде басылған картасы (1862 жыл) тәрізді маңызды құжаттар бар.
null null  

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, осындай мәдени шаралар жүргізіліп жатқанына қуаныштымыз. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы Қазақстан мен Түркияның дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл толуын мақтанышпен атап өткен едік. Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел ретінде тарихы, діні, ділі, мәдениеті ортақ екі мемлекеттің қарым-қатынасының күн сайын нығаюы көкірегімізде мақтаныш сезімін ұялатады. Әрине, Түркия мен Орталық Азияның байланыстары жаңа тарихтың еншісіндегі дүние емес. Осман мемлекеті сонау он алтыншы ғасырдан бері бұл өлкеге маңыз беріп, Орталық Азияның Бұқар, Қоқан, Хиуа хандықтарына елшілерін жіберу арқылы бауырлас елдермен саяси-экономикалық қатынастарын дамытуға үлес қосқан. Міне, осындай ортақ терең тарихымыздың аса құнды деректерін бөлісу мақсатында біз сіздермен осы арада жиналып отырмыз», - деді көрменің ашылуында Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Ұянык.
null 

Сондай-ақ, Бұхара, Хиуа және Қоқан хандықтары мен Османлы мемлекетінің қарым-қатынастарын көрсететін басқа хаттар, маңызды деректер мен карталар да көрмеге қойылып отыр. Экспонаттардың арасында Түркия Мемлекеттік архивінің тартуы ретінде қазақтардың Түркияға көшіне қатысты қосымша құжаттар да бар.

 «Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастары құжаттарының» көрмесі 20 мамырға дейін жалғасады.
null null null null 

null null 

Соңғы жаңалықтар