+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркиядан Грузияға жүк тасымалдайтын алғашқы пойыз аттанды

2019 жылғы 24 шілде 10:01
Бөлісіңіз:
Түркиядан Грузияға жүк тасымалдайтын алғашқы пойыз аттанды

ЭРЗУРУМ. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияның Эрзурум қаласындағы Паландокен логистикалық орталығында 23 шілде күні Түркия мен Грузия арасындағы алғашқы жүк пойызын іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО әкімі Семей медициналық мекемелеріне жаңа автокөлік кілттерін табыс етті Атырауда салонына 6 жолаушы мінгізген бірнеше таксист ұсталды Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға түсті

Теміржол құрамдары жаңа бағытта экспорттық жүктер тасымалдап, Баку-Тбилиси-Карс темір жолымен сапар шегеді.

Шараға «Түркияның мемлекеттік темір жолдарының» басшысы Али Ихсан Уйгун, «Грузин темір жолдары» АҚ төрағасы Давид Перадзе, Pasifik Eurasia логистикалық компаниясының және Эрзурум әкімшілігінің өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімде Али Ихсан Уйгун сөз сөйлеп, Анкара Баку-Тбилиси-Карс жобасының жүзеге асырылуына үлкен мән беретінін атап өтті.

«2017 жылы қолданысқа енген аталмыш бағыт бойынша Түркия, Әзербайжан және Қазақстан арасында жүк тасымалы жүзеге асырылды. Грузияның Темір жолдар басқармасымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 17 маусым күні ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Біздің тарапымыздан іске қосылған экспорттық пойыз бұл келісімнің алғашқы жемісі болып табылады», - деді TCDD басшысы.

Давид Перадзе, өз кезегінде, жобаны жүзеге асыруға атсалысқандарға алғыс білдірді.

«Бүгін – Грузия мен Түркия үшін тарихи күн», - деп атап өтті ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT