Түркиядан 235 келі зергерлік бұйымды заңсыз алып келген атыраулық азамат ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 20 қарашасында Атырауда Түркиядан әкелінген жалпы салмағы 235 келі болатын контрабандалық зергерлік бұйымдар тәркіленді. Бұл туралы бүгін ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Кеше сағат 17:15-те Атырау шекара жасағы «Атырау авиа» шекаралық бақылау бөлімшесінің шекарашылары «Ыстамбұл-Атырау» бағытындағы № 870 рейспен ұшып келген жолаушыларды тексеру кезінде сары металдан жасалған салмағы 3,5 келі және ақ металдан жасалған салмағы 235 келі зергерлік бұйымдардың ірі партиясын алып жүрген 44 жастағы қазақстандық азаматты ұстады», - делінген хабарламада.

Затбелгілер бойынша, бұл алтын және күмістен жасалған бұйымдар, бірақ оның жасанды немесе жасанды емес екендігін қазіргі кезде арнайы сараптама тексеруде.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, шекаралық бақылау бөлімі ашылғаннан бері (1992 жылдан) осындай көлемдегі контрабандалық зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекеті бірінші рет тіркелген.

Соңғы жаңалықтар