+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Түркиядағы зілзаладан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

2020 жылғы 25 қаңтар 14:25
Бөлісіңіз:
Түркиядағы зілзаладан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның Элязыг провинциясындағы жойқын жер сілкінісінен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тың Айдахо штатында 6,5 магнитудалық жер сілкінісі болды Орталық Азияда бір тәулікте 4 рет жер сілкінді Шымкент пен Тараз қаласының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді

«Түркиялық тараптың алдын ала мәліметі бойынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ», - деп жазды Айбек Смадияров Telegram желісінде.

Еске сала кетсек, 24 қаңтар күні Түркияның шығысында жергілікті уақытпен 20:55-те магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі салдарынан 20 адам қаза тапты.

Жерасты дүмпуінің ошағы Сивридже уезінің Элязыг провинциясында орналасқан.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басқармасының (AFAD) мәліметі бойынша, зілзаладан кейін магнитудасы 2,7-5,4 балдық 60 афтершок тіркелген. Жерасты дүмпуі Эльязыг маңындағы провинциялар (Адана, Хатай, Османие, Тунджели, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатья, Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери) мен Сирияның солтүстігінде байқалған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, ҚР СІМ, Түркия,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT