Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 93-ке жетті

None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияның Дюздже қаласында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 93 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін елдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Коджа зардап шеккен 68 адам туралы айтқан болатын. Бүгін олардың саны 93-ке жетті. Олардың 14-і қалалық ауруханаларда стационарлық дәрігерлердің бақылауына алынды.

Министрдің айтуынша, зардап шеккендердің көпшілігі Дюздже қаласының тұрғындары. Адамдар түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Жалпы Дюзджеде жер сілкінісінен 37 адам зардап шекті, Ыстанбұлда - 2, Болуда - 14, Зонгулдакта - 10, Сакарияда - 26 және Бурсада - 4.

Түркия Үкіметінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) жаңартылған деректеріне сәйкес, аймақта жер сілкінісінен кейін барлығы 212 зілзала болды, олардың ең күштісі 4,3 балға жеткен.

Бұған дейін Түркияда 23 қарашада жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:08-де Рихтер шкаласы бойынша 5,9 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. Жерасты дүмпулерінің ошағы елдің солтүстік-батысындағы Дюздже қаласында орналасқан.


Фото: apa.az

Соңғы жаңалықтар