Түркиядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 1760 адамнан асты

None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1762-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою департаменті (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тағы 12 068 адам жарақат алған.

Хабарда айтылғандай, табиғи апат салдарынан 5 606 ғимарат қираған.

AFAD мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысында кеше жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл).

Түркия билігі тұрғындарды жер сілкінісінен қорқып, үйлеріне қайтпауға шақырды.

Бұған дейін Режеп Тайып Ердоған Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялағаны хабарланған болатын.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің салдары Сирияда, тіпті Грузияда да сезілуде.

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан және зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға елдің оңтүстік-шығысында көптеген құрбан болғанына байланысты көңіл айтты.

Бауырлас халыққа АМАНАТ партияластары да көңіл айтты.

Қазақстан да Түркияға шұғыл көмек көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар