Түркиядағы жер сілкінісінен 6 мыңнан аса шетелдік қаза тапты

None
Фото: aa.com.tr
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия вице-президенті Фуат Октай өткен айда елдің оңтүстігінде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 49 589-ға жеткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Қайтыс болғандардың 6807-сі шетел азаматтары.

Түркияның төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасы(AFAD) жер сілкінісінен зардап шеккен провинцияларға 31 миллиард лира (1,6 миллиард доллар) жіберді, ал мемлекеттік органдар мен ұйымдар 22,3 миллиард лира (1,1 миллиард доллар) жіберді, деді Фуат Октай.

Бұған дейін Түркия вице-президенті Фуат Октай 6 ақпанда болған жер сілкінісінің салдарынан Кахраманмарашта 48 448 адамның қаза тапқанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар