+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Түркиядағы ұшақ апаты: СІМ қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты

2020 жылғы 6 ақпан 15:57
Бөлісіңіз:
Түркиядағы ұшақ апаты: СІМ қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР СІМ Түркияның Ыстанбұл қаласындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды Ыстанбұлдағы ұшақ апатында екі қазақстандық зардап шекті Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болды

«Түрік тарапының қазақстандық консулға берген ақпаратына сәйкес, жарақаттанған Қазақстан Республикасы азаматтарының бірі жеңіл жарақат салдарынан ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханадан жіберілді. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін ауруханадан шығарылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстанбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген болатын. Ұшақ апатынан барлығы 179 адам зардап шегіп, 3 жолаушы қайтыс болған. Апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде 2 қазақстандық болған.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР СІМ, Түркия,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT