Түркиядағы су тасқынынан көз жұмғандар саны 10 адамға жетті
2023 жылғы 15 наурыз, 19:35

ШАНЛЫУРФА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында сел тасқынынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.
Шанлыурфада 14 наурызда толассыз жаңбыр жауған. Салдарынан тасқын су провинцияның әкімшілік орталығындағы бірқатар көше мен даңғылын басып қалған. Провинцияның өрт қызметінің мәліметінше, Вейсел Карани кварталындағы ғимараттардың бірінің жертөлесінен бес адамның мәйіті табылған. Олар сириялықтар. Осылайша, табиғи апат құрбандарының саны 10 адамға жетті.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салайық, Түркияның Шанлыурфа провинциясында толассыз жауған жаңбырдан 5 адам көз жұмғаны хабарланды. Аурухананы су басып, мектептерде сабақ тоқтаған.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP