Түркиядағы су тасқыны 9 адамның өмірін қиып кетті

None
None
АНКАРА. Анадолы- ҚазАқпарат – Түркияның Кастамону провинциясында сел тасқынының салдарынан тоғыз адам қаза тапты, ал Бартын провинциясында бір тұрғын іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі басқарманың (AFAD) хабарламасында айтылған.

Нөсер жаңбырдың салдарынан сәрсенбі күні елдің солтүстігінде су тасқыны мен көшкін басталды.

Ауа райының қолайсыздығынан Бартын, Кастамону, Синоп және Самсун провинциялары зардап шеккен. Тұрғындарды эвакуациялауға әскери тікұшақтар жұмылдырылды.

Су тасқынынан зардап шеккен аудандарда табиғи апаттар кезінде іс-қимылдарды үйлестіру орталықтары жұмыс істеуде.

Түркияда осы жазда ыстық ауа температурасының салдарынан бірнеше өңірде орман отқа оранды. Бейсенбі күнгі жағдай бойынша, өрттің барлық тұтану ошақтары бақылауға алынды.


Соңғы жаңалықтар