Түркиядағы сайлаудың жарқын тұстары

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат -  Түркияда президент және 27-шақырылымдағы парламент сайлаулары жарқын сәттерге толы болды. Түркияның Жоғарғы сайлау комиссиясының мәліметі бойынша жергілікті уақытпен сағат 08:00-де басталған дауыс беру кешкі 17:00-де аяқталды, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.

Ел аумағында дауыс берушілердің келуі көрсеткіші жоғары болды. Азаматтар сайлау учаскелеріне ұлттық киімде, неке көйлегімен, тіпті үй жануарларымен бірге келгені тіркелді.

Алғаш рет  елдің сайлау үдерісінде 17 258 мүмкіндігі шектеулі және өздігінен жүре алмайтын егде дауыс берушілерге мобильді сайлау учаскелері ұйымдастырылды.
Кахраманмараш, Айдын, Кутахья, Чанаккале, Кастамону, Шанлыурфа, Хаккари провинцияларында сайлаушылар учаскелерге ұлттық киімде және түрік байрағын көтеріп келді. Ескішехирде үйленіп жатқан жастар некелерін тіркеуден бұрын келіп дауыс беріп кетті.
Денизлиде Ахмет пен жұбайы Кевсер Кывылджим сайлауға тотықұстарын ерте келіпті. Биледжик провинциясында ерлі-зайыпты Ердоған мен Айсел Саламаноглу сайлау учаскесіне келгенде иттерін жанынан қалдырмаған. Даусы беруші Оғыз Сырлы осман дәуіріндегі сарбаздың киімін киіп алған.
Фетхие, Мармарис айдандарында және Мугла провинциядағы Бодрумда сайлауға Түркия азаматтығын алған шетелдіктер  қатысты. Анталияда ұлты орыс азаматтар да дауыс берді.

Сайлаушылар 180 065 учаскеде дауыс берді. Сайлау туралы заңнамаға сәйкес дауыс берудің ресми уақыты өтіп кеткен жадайда кезек күтіп тұрғандар бюллетеньдер толық саналған соң ғана дауыс бере алады.

Әлемнің 60 еліндегі 123 сайлау учаскесінде Түркиядан жеткізілген бюллетеньдер қалған дауыстармен бірге саналады.

Түркия президентігіне алты адам кандидатурасын ұсынды. Олардың қатарында Әділет және дамуы партиясы мен Ұлттық іс-қимыл партиясынан жасақталған «Халық альянсының» кандидаты Режеп Тайып Ердоған; Республикалық халық партиясының кандидаты Мухаррем Индже мен Халықтық демократиялық партиясының үміткері Селахаттин Демирташ бар.

Президент сайлауына қатысу үшін 100 мың дауыс беруші қолын жинағандар қатарында İYİ Parti көшбасшысы Мераль Акшенер, Saadet Partisi төрағасы Темель Карамоллаоглу мен Vatan Partisi басшысы Догу Перинчек бар.

Парламент сйлауына Әділет және дамуы партиясы, CHP, HDP, HÜDAPAR, İYİ Parti, MHP, Saadet Partisi және Vatan Partisi үміткерлері қатысуда.

Әділет және дамуы партиясы мен МНР «Халық альянсына» біріксе, İYİ Parti, CHP мен Saadet Partisi «Ұлттық альянс» құрамында.

Түркия мемлекеттік басқару формасын өзгертпек

24 маусымдағы жалппыхалықтық сайлау елдегі мемлекеттік басқару нысанын өзгертеді. Ол Түркияны парламенттіктен президенттік республикаға айналдырады.

24 маусымда сайлаудан кейін күшіне енетін Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты Түркиядағы барлық атқарушы билік тармақтары президентке беріледі, ал парламент тек қана заңнамалық мәселелермен айналысады. Осылайша заңшығарушы тарапынан атқарушы билікке кез келген қысым жасау барынша төмендетілген.

Түркияның жаңа редакциядағы конституциясына сәйкес президент пен парламент сайлауы бес жылда бір мәрте бір күнде өткізіледі. Бір тұлға президент лауазымында екі мәртеден артық отырмайды. Алайда екінші президенттік мерзімде парламент уақытынан бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдаса мемлекет басшысы тағы бір мерзімге сайлауға қатыса алады.

Егер қандай да бір себеппен Түркия президенті қызметінен кеткен жағдайда, ал сайлауға бір жыл не одан да аз уақыт қалса, онда мемлекет басшысы орнынан босатылған 60 күннен кейінгі алғашқы жексенбіде парламент және президент сайлауы өткізіледі.

27-шақырылымдағы парламент депутаттарының саны 550-ден 600-қа дейін өсіріледі. Парламент сайлауына қатысушылардың жасы 25-тен 18 жасқа төмендетілді.

Президент вице-президенттер мен министрлерді тағайындайды.

Соңғы жаңалықтар