Түркиядағы сайлау нәтижесі Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін – саясаттанушы пікірі

None
Фото: facebook.com/adaniyar
АСТАНА. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Түркиядағы сайлау жөнінде өз пікірін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшының айтуынша, қоғамдық пікірге арналған барлық сауалнамалар жағдайдың 50/50 болып тұрғанын көрсетеді.

«Түркияда жаңа президент сайланған жағдайда оның біздің логистикалық және әскери-саяси жобаларымызға әсер ететіні түсінікті. Барлығы бүгін дауыс беру қорытындысы бойынша шешілетін болады, алайда сайлау екінші кезеңге қалдырылуы да мүмкін», - деп есептейді Данияр Әшімбаев.

Д. Әшімбаев Түркиядағы сайлаудың нәтижесі Таяу Шығысқа да, Еуропа елдеріне де, посткеңестік елдерге де әсер ететінін атап өтті. Себебі Түркия – әлемдік саяси аренадағы маңызды ойыншы.

«Ердоғанның билікте қалуы немесе қалмауы түрік халқының шешіміне байланысты, бұл аймақтағы геосаяси жағдайға әсер етеді. Негізгі бәсекелес Ердоғанның артында ішкі және сыртқы ойыншылар тұрғаны түсінікті. Әрине, Түркия басшылығына анағұрлым зайырлы және амбициясы азырақ адамның келуі Түркиядағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге ықпал етеді, екінші жағынан, баламалы үміткердің Батысқа бағдар алғаны түсінікті. Бұл жағдай біз үшін әрі сын-қатер, әрі мүмкіндіктер. Оның үстіне Түркиямен ынтымақтастық деңгейінің төмендеуі екіталай. Сонымен қатар, түрік порттарына бағдарланған Транскаспий бағытын дамыту да барлық жағдайда өзекті болатынын түсіну қажет», - деді Данияр Әшімбаев.

Айта кетейік, Түркияда 28-ші шақырылымдағы парламент және президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері таңғы 8:00-де ашылып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де жабылады. Елде барлығы 191 885 дауыс беру жәшігі орнатылды.


Соңғы жаңалықтар