Түркиядағы сайлау: кім жеңіске жетуі мүмкін?

None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Түркияда республика президентінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Әлеуметтанушылардың соңғы мәліметіне сәйкес, сайлаудың екінші кезеңі міндетті түрде өтеді. Өйткені қазіргі мемлекет басшысы Р.Ердоған да, оның негізгі қарсыласы оппозициядағы К.Кылычдароглу да 50%-дан астам дауыс жинай алмай жатыр. Тағы бір кандидатқа байланысты дау дауыс беру жағдайын қиындатты. «Отан» партиясынан ұсынылған М.Индже БАҚ-та ол туралы әшкерелейтін мәлімет жарияланғаннан кейін кандидатурасынан бас тартты.


М. Индженің кандидатурасы алынғанға дейін Түркия президентін сайлауға төрт кандидат қатысты. Халық елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған жеңеді деп санайды. Оның басты қарсыласы – оппозиция өкілі кемалист Кемал Кылычдароглу. Мухаррем Индже және Синан Оганды сарапшылар жеңіске жету мүмкіндігі жоқ әлсіз кандидаттар деп санайды.
Осы жылдың ақпанында 50 мыңнан астам адамның өмірін қиған жер сілкінісі аясында өтіп жатқан сайлау Түркияның жаңа саяси тарихында болжауы қиын сайлау болды. Әлеуметтанушылардың үкімі мынадай – елдің жаңа президентінің есімі екінші кезең нәтижесінен кейін белгілі болады.


Наурыз-сәуір айларында жүргізілген «AR-G Research» компаниясының сауалнамасының нәтижелері жаңа президенттің тек екінші турда анықталатынын растайды, өйткені сайлау науқанының бірінші бөлігінде сайлаушылардың саны бірдей дерлік негізгі қарсыластарға дауыс берген.
11 мамырда М. Индже партия мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде ол ел халқының тыныштығы мен әл-ауқаты үшін сайлаудағы кандидатурасынан бас тартатынын мәлімдеді. Ол өз сөзінде 45 жылдық саяси өмірінде мүдделі құрылымдардың мұндай төмен және арам әрекеттеріне бірінші рет тап болғанын айтты.
Оның айтуынша, оған қарсы жеке тұлғаны жамандау бойынша ақпараттық науқан ұйымдастырылып, оның ақшалай қаражат пен қымбат сыйлықтар алғаны туралы жалған мәліметтер жарияланған. Сайлауға бірнеше күн қалғанда Израильдің порнографиялық сайттарының бірінде оның жыныстық сипаттағы видеосы салынған.

Түркия азаматтары Президент сайлауы күні Ұлы Ұлттық жиналыстың, елдің бір палаталы Парламентінің депутаттарына дауыс береді. 87 сайлау округіндегі сайлаушылар 600 Парламент мүшесін сайлайды.

«MetroPoll» рейтинг агенттігі парламенттік сайлауда оппозициялық «Ұлттық коалиция» 42,1% дауыс жинайтынын, ал «Халық альянсы» партиясы - 37,6% дауыс жинайтынын болжап отыр. «Yöneylem» мәліметтері бойынша, «Әділет және даму партиясы» - 30,2%, ал «Республикалық халық партиясы» - 24,2% дауыс жинайды.


«AREA ARAŞTIRMA» зерттеу компаниясының (сайлауға бір апта қалғанда өткізген) сауалнамаларына сәйкес, парламенттік көпшілікті билеуші «Әділет және даму партиясы» 46,5% дауыспен, «Республикалық халық партиясы» 38,6% жинамақ.

Айта кету керек, президенттік және парламенттік сайлауда шетелде тұратын Түркия азаматтары маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда елден тыс жерде дауыс беруге 3,5 миллион сайлаушы тіркелді (бұл 5,3% дауыс). 2018 жылғы президент сайлауында шамамен 3 миллион адамды құраған еді, бұл шамамен 5,1% дауыс.

Сарапшылардың пікірінше, шетелде тұратын Түркия азаматтарының көпшілігі басқарушы «Әділет және даму партиясы» мен Р.Ердоғанды қолдайды және олардың даусы президент сайлауында шешуші рөл атқарады.




Соңғы жаңалықтар