Түркиядағы сайлау халықаралық талаптарға сай өтті - ТүркПА

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі тілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) Халықаралық бақылау миссиясы Түркиядағы президент және парламент сайлауларына жүргізген бақылаудың нәтижесі туралы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Әзербайжан Милли Меджлисінің мүшесі Ахлиман Амирасланов миссия басшысы ретінде өтініш ұсынып, түркиялық БАҚ өкілдеріне ТүркПА бақылау бағдарламасы туралы ақпарат берді. Қазақстандық миссия өкілдері болған сенаторлар Нариман Төреғалиев, Бекмырза Еламанов, Мұхтар Жұмағазиев, мәжілісмен Нұрлан Дулатбеков, сондай-ақ қырғызстандық Мақсат Сабыров пен Закир Шарапов Түркиядағы сайлау ахуалы және сайлау процесі туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Миссия өкілдері Анкарадағы 40-қа жуық сайлау учаскесіне барып, үш сайлау учаскесінде берілген дауыстарды есептеген.

Бақылаушылар сайлауға дейін Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Сади Гувенмен және саяси партиялардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында бақылаушыларға сайлауға дайындық шаралары, сондай-ақ Түркияның жетекші саяси күштерінің сайлау платформалары мен саясаты туралы толық ақпарат берілді.

Миссия сайлауды басқаруда ешқандай бұзушылықтарды байқамағандықтарын, сондай-ақ тиісті органдардың ресурстармен қамтамасыз етілгенін және сайлау өткізуге кәсіби дайындалғанын атап өтті.

Миссия 2018 жылдың 24 маусымында болған Түркия Республикасындағы президент және парламент сайлауларының Түркия ұлттық заңнамасы мен халықаралық сайлау талаптарына сай өткені туралы қорытынды жасады.

Соңғы жаңалықтар