Түркиядағы Рим империясы кезеңіндегі монша ЮНЕСКО тізіміне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда Йозгат провинциясындағы Марыкая ауданы аумағындағы  Рим империясы кезеңіндегі тарихи Basilica Therma моншасы, сондай-ақ бүгінгі таңда Kral Kızı атауымен танымал нысан ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Йозгат губернаторы әкімшілігінің мәлімдеуінше, монша 2010 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған.

Йозгат провинциясының губернаторы Кемаль Юртнач  2017 жылы Kral Kızı нысанын ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізу бастамасын көтерген.

Провинция билігі бұл тарихи нысанды адамдардың көбірек білуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Кемаль Юртначтың сөзіне қарағанда, Kral Kızı моншасы Түркияның аса маңызды көрікті жерлерінің бірі.

Йозгат провинциясының музейлер басқармасы 2010 жылы археологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастырған болатын. Оның барысында рим моншасының қабырғалары - екі қабатты, 10 ойықты арка табылды. Бірақ бұл орынды танымал етуге ешқандай әрекет жасалған жоқ»,-дейді  Юртнач.

Оның айтуынша, Kral Kızı моншасы екі мыңға жуық жылдан бері жер бетіне ыстық су шығып жатқан әлемдегі екі орынның бірі.

Римдіктер жылы су қайнары көзіне монша тұрғызған, бүгінгі таңда да кез келген тілек білдіруші мұндағы ыстық суға  шомыла алады.

Айта ккеткен жөн, жылы суға толы бассейннің аумағы футбол алаңымен тең.

Соңғы жаңалықтар