Түркиядағы референдумда президенттік басқару жүйесін жақтаушылар жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша 16 сәуір күні өткен референдумдағы дауыс санау жұмыстары аяқталды. Президенттік басқару жүйесін енгізуді жақтаушылар жеңіске жетті.

Дегенмен президенттік басқару жүйесін қолдушылар мен оған қарсылардың арасындағы айырмашылық аса үлкен емес, деп хабарлайды ТАСС. Небәрі 1,25 млн сайлаушы (51,3 процент 48,7 процентке қарсы).

Түркияның Орталық сайлау комиссиясының басшысы Сади Гювеннің мәлімдеуінше, дауыстарды санау жұмыстары аяқталуға таяу. Алда небәрі 600-ге жуық бюллетеньдерді өңдеу ғана қалды. Осылайша, референдумның нәтижесі осы кезден-ақ белгілі деп айтуға болады.

«Бюллетеньдерді өңдеу шараларының алдын ала нәтижелері референдумда «иә» деп дауыс бергендер саны 1,25 млн-ға көп болды, барлығы 24,5 млн. Дауыс беру қорытындылары «иә» деп отыр. Толық қорытынды нәтижелер кемінде 11-12 күннен соң белгілі болады»,-деді Гювень.

Соңғы жаңалықтар