Түркиядағы президенттік сайлауға шетелден 1,8 миллионнан астам сайлаушы дауыс берді

Фото: Фото: aa.com.tr
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші турында шетелде және кеден бекеттерінде дауыс берген сайлаушы саны 1 856 968 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелдік өкілдіктер мен кеден бекеттерінде Түркиядан тыс жерде сайлау тізімдеріне тіркелген азаматтардың дауыс беру процесі әлі жалғасуда.

Түркия өкілдіктері мен шекара бекеттерінде дауыс беру 20 мамыр, сенбіден бері жүргізіліп жатыр.

Түркия Жоғары сайлау комиссиясының мәліметінше, 24 мамыр күні сағат 14:00-ге дейін 1 856 968 сайлаушы шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен шекара бекеттерінде дауыс берген.

Шетелдік өкілдіктерде дауыс беру процесі 24 мамыр күні сағат 22:00-де аяқталса, кеден бекеттерінде 28 мамыр күнгі сағат 17:00-ге дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар