Түркиядағы президенттік сайлаудың алдын-ала қорытындысы жарияланды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияның жоғары сайлау комиссиясы елдегі президенттік және парламенттік сайлаудың алғашқы мәліметтерін жариялады. Қазірге дейін дауыстардың 40 пайызға жуығы саналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.

Hurriyetdailynews.com сайты таратқан мәліметке сүйенсек, саналған дауыстардың 56,9 пайызы қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоғанға берілген. Екінші орында Мухаррем Инже тұр. Оған электораттардың 28,4 пайызы дауыс берген көрінеді.

Ал парламенттік сайлау бойынша Әділет және даму партиясы оқ бойы озып тұр. Оған 48,1 пайыз адам дауыс берген. Бұдан кейінгі орындағы Мемлекеттік халық партиясын 18,6 пайыз электорат таңдаған екен.

Жалпы, Түркияда 60 миллионға жуық электорат бар. Биылғы сайлауға соның 87,1 пайызы қатысқан. Ел аумағындағы сайлау учаскелері жексенбі күні таңғы сағат сегізде түгел ашылды, ал шетелдегі Түркия азаматтары 19 маусым күні дауыс беріп қойған.

Соңғы жаңалықтар