Түркиядағы президент сайлауы: Бірінші кезеңнің қорытынды нәтижесі шықты

Фото:
АНКАРА. АНАДОЛУ - ҚазАқпарат - Түркиядағы 14 мамырдағы президент сайлауының бірінші кезеңінің қорытынды нәтижесі жарияланды. Ондағы мәліметке сай, Реджеп Тайып Эрдоған 49,52%, Кемаль Кылычдароглу - 44,88%, Синан Оган - 5,17%, Мухаррем Индже - 0,43% дауыс жинаған, деп жазады ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 14 мамырда Түркияда президент және 28-шақырылымдағы парламент сайлауы өтті.

Жеңімпаз 28 мамырда өтетін президент сайлауының екінші кезеңінде анықталады.


Соңғы жаңалықтар