Түркиядағы лаңкестік әрекет кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарта - Түркия еліндегі лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

«Қазіргі кезде зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түкен жоқ», - деді телефон арқылы Ә.Жайнақов.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Түркия астанасындағы кезекті ірі лаңкестік әрекетінің салдарынан кем дегенде 34 адам қаза тауып, 125 адам жарақаттанған.

Жарылыс 13 наурызда жергілікті уақытпен сағат 19:45-те ел астанасының орталығындағы Түркия премьер-министрі кеңсесінің жанындағы адам көп жиналатын аялдамада орын алған. Жарылғыш зат салынған автомобиль екі автобустың арасында тұрып жарылды. Қатты жарылыстың дыбысы Анкараның көптеген аудандарында естілген.

Соңғы жаңалықтар