Түркиядағы қазақтардың тарихы жөнінде мақала жарияланды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Түркиядағы қазақтар және олардың тарихы - TRT 
null

2017 жылы қазақтардың Түркияға қоныстанғанына 65 жыл толды.

Осыған орай TRT порталының «Тарих айдынында» айдарында талай қиыншылықтарды бастан кешірген Түркия қазақтары туралы мақала жарық көрді. Бүгінде саны 20 мыңға жеткен Түркия қазақтарының ата-бабалары 1930 жылдардың екінші жартысында Шынжаңның Алтай, Баркөл, Сауан, Гәскөл аймақтарынан үдере көшіп, алдымен Гансу, Шынқайға өтіп, одан Гималай мен Тақла-Мақан шөлінен асып, Үндістан мен Пәкістан арқылы Түркияға жеткен еді.

Алтайдан Анатолияға көшкен қазақтар негізінен екі кезеңде - 1940 және 1950 жылдары Үндістанға келіп жеткен. Қазақтардың көшін жеті жетекші басқарған. Олар:

1. 1940 жылғы көштің жетекшілері: Елісхан Тәйжі, Зайыпұлы Құсман Тәйжі.

2. 1950 жылғы көштің жетекшілері: Дәлелхан Жанымханұлы, Қалибек Әкім, Құсайын Тәйжі, Сұлтаншәріп Тәйжі, Нұрғожай батыр.

«Үстіміздегі 2017 жылы қазақтардың Түркияны қоныстануына 65 жыл толып отыр. Оларды Үндістан мен Пәкістаннан Түркияның Бас министрі Аднан Мендерес жетекшілігіндегі үкіметі 1952 жылы 13 наурыз күні шығарған шешіммен қабылдаған еді. Осыдан кейін қазақтар топ-топ болып Түркияға қоныс аудара бастады. Бұл процес төрт жылда аяқталды. Пәкістандағы қазақтардың алғашқы легі 1952 жылдың қыркүйек айында, соңғы легі 1956 жылдың көктемінде Түркияға келді», - деп жазады мақала авторы тарих ғылымының докторы Әбдіуақап Қара.

Сонау Алтайдан бостандық іздеп көтерілген алғашқы көштің санын ешкім анық білмейді. Осы орайда 18 мыңнан 50 мыңға дейінгі аралықта түрлі сандар келтіріледі.

«Жұрт білетін анық сан - Алтайдан Анадолыға аман жеткен қазақтардың саны. Ол - 1850 адам. Сонда азаттық үшін арпалысқан он қазақтың ең көп дегенде бірі ғана арманына жеткен ғой! Олардың оннан тоғызы еркін өмір сүру, қазақтық қалпын сақтау, мұсылманшылығын жалғастыру үшін жолда шәйіт болған еді. Түрік үкіметі қазақтарды құшақ жая қарсы алды. Олардың өз жерінде шад-шадыман өмір сүрулері үшін қолдан келген көмекті аяған жоқ. Сондықтан Түркия қазақтары түрік халқына алғыс сезімдерін білдіру үшін Ыстанбұл Топқапы ауданындағы Мендерестің кесенесіне жыл сайын барып, оның аруағына тағзым етіп, Құран оқып тұрады», - деп жазылған мақалада.

null

Негізінде түрік елінің шеттен эмигрант қабылдауда бай тәжірибесі бар еді. Өйткені Мұстафа Кемал Ататүрік І Дүниежүзілік соғыста шаңырағы шайқалып ортасына түскен Осман мемлекетінің қалдықтарынан жаңа мемлекет құрып, Түрік Республикасының іргесін қалаған кезде, жас мемлекеттің халық саны небәрі 13-ақ миллион болатын. Жаңа елдің тәуелсіздігін баянды ету барысында халық санын қауырт өсіру діттеліп, көрші елдердегі этникалық түріктер елге көшіріліп әкеліне бастады. Міне соның нәтижесінде бүгінде Түркия халқы 80 миллионға таяп отыр.

«Түркия Пәкістаннан қоныс аударған қазақтарды алдымен «қонақхана» деп аталатын оралманханаларға орналастырды. Ол жерде жаңа көшіп келген азаматтардың баспана, тамақтану, киім сияқты негізгі барлық мұқтаждықтары қанағаттандырылды. Тіпті оларға айлық та төленіп тұрды. Сонымен қатар оларға түрік тілі, кәсіп-мамандық, жаңа елдің тірлік-салтына бейімдеу барысында курстар мен сабақтар ұйымдастырылды», - деп жазады портал.

Қазақтарға Түркияның Маниса, Измир, Конья, Аксарай, Кайсері және Нигде өңірлерінің далалық және таулық аймақтарынан жер беріліп, арнайы үйлер салынған. Бірақ кейін ауылдық аймақтарда күн көрудің қиын болуына байланысты олардың көбі 1960 жылдардын екінші жартысынан бастап Ыстанбұлға қоныс аударыпты. Қазір олардың көпшілігі Ыстанбұлдың Зәйтінмұрын, Гүнешлі Қазақкент, Күчүкчекмеже және Сефакөй сынды аудандарында өмір сүруде.



Монғолиялық қандасымыз кикбокстан әлем чемпионатында жүлдегер атанды - Kaznews.mn
null 

Италияда өткен Кикбокстан әлем чемпионатында қандасымыз Исламаллабек Шаяхметұлы жүлдегер атанды, деп хабарлады KAZNEWS сайты.
null

Исламаллабек Шаяхметұлы Моңғолия құрамасы сапында 67 келі салмақта өнер көрсеткен. Ол 9 желтоқсан күні қарсыласынан басым түсіп, қола жүлдені қанжығаға байлады.

***

Қытайдағы қандастарымыз асық ойнаудан жарыс өткізді - «Жэньминь жибао» (People Daily)

null
 

Қытайдағы қандастарымыз төл ойынымыз асық ойнаудан жарыс өткізді. Бұл туралы «Жэньминь жибао» (People Daily) сайты хабарлады.

«Асық ойыны - тәрбиелік мәні зор, қазақ халқының дәстүрлі ойындарының бірі. Көшпелі өмір тудырған төлтума өнер есептеледі», - делінген мақалада.
Міне, осындай ұлттық құндылығымызды алыстағы ағайын да ұлықтауға өз үлестерін қосуда.

Жақында Қытайдағы қандастарымыз ең көп шоғырланған Іле аймағы Күнес аудандық №5 орта мектепте оқушылар арасында асық ойынынан жарыстар өткізді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта мектеп ұжымы дене шынықтыру сағаттарында төл спортымыз саналатын асық ойынын қосымша сабақ ретінде алып, жүйелі үйретуді жолға қоймақ ниетте екен.
null 

«Мектеп арнайы асық ойыны алаңын жасап, белгіленген уақытқа сай жарыстар өткізіп, асық ойыны шеберлерін анықтап келеді. Бұл бастама жасөспірімдердің ұлттық ойындарға қызығуына жебеу болып, дәстүрлі ойындар жөніндегі таным-түсінігін тереңдетті», - деп жазады дереккөз.

***

«Түркі әлемінің ертегі бақшасы» атты кітап таныстырылды - TRT
null 

Халықаралық ТҮРКІСОЙ Түркі мәдениеті ұйымы 29 түрлі аймақтан жинақталған, әзербайжан және Анадолы түрік тілдерінде жарық көрген «Түркі әлемінің ертегі бақшасы» атты кітапты таныстырды. Бұл туралы TRT порталы жазады.

Кітаптың тұсаукесері Бакуде болып өтті. Оны ТҮРКІСОЙ мен Әзербайжан Мемлекеттік Фирудин Көчерли мырза атындағы Балалар кітапханасы бірігіп ұйымдастырған болатын.

Жиында сөз сөйлеген Әзербайжан Республикасы Мәдениет және туризм министрі Әбулфез Гараев жобаның жас ұрпақ үшін маңызына тоқталды.

«Түрік әлемінің бірлігін балаларға жеткізе білу қуантарлық жағдай және өте маңызды. Балаларымыз кітаптағы түркі әлемі ертегілерімен танысқан сайын біздің ортақ әдет-ғұрыптарымыз бен мәдениетімізді жақын тани түседі деп сенемін», - деді ол.
ТҮРІКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов те аталған кітаптың маңыздылығын атап көрсетті. Қасейінов жаңа кітаптың балалардың әлемге деген көзқарасын жетілдіруге көмектесіп қана қоймай, түркі халықтарының мәдениетін, фольклорын тереңдей үйренуіне мүмкіндік беретінін айтты.

***

Тянь-Шань порталы: «Бір жапырақ - Бір дүние»
null

«Өмірде сұлулық кем емес, сұлулықты байқайтын көз тапшы», деп жазады «Тәңіртау» ақпараттық порталы. Назарларыңызға қытайлық студенттердің жапырақтарға салған ерекше суреттерін ұсынамыз

Ризабек Нүсіпбекұлы
null null null null 

Соңғы жаңалықтар