Түркиядағы қазақтар тұратын Алтай ауылына жаңа әкім сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркиядағы қазақтар тұратын Алтай ауылына жаңа әкім сайланды. Бұл туралы осы елдегі Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарлады.

«31 наурыздағы сайлауда Осман Уйсал Нигде провинциясының Алтай қазақ ауылында әкім болып сайланыпты. Құтты болсын!» делінген жазбада.

Алтай ауылы Анкарадан 320 километр жерде орналасқан, бұл ауылға ең жақын қала мен әкімшілік орталық - Ниде.

Бұл жерге қазақтар Қытайдың Алтай өлкесінен барған және туған өлке құрметіне жаңа мекеннің атын «Алтай» деп қойған. 1955 жылы Түрік билігі 165 үй салып берген. Мұндағы қазақтар негізінен ата кәсіп - мал шаруашылығымен айналысқан.

Айта кетейік, 31 наурызда Түркияда жергілікті басшылар сайланды.

Соңғы жаңалықтар