Түркиядағы Қазақстан Елшісі Ж.Түймебаев халықаралық «Global Leadership Forum» атты форумына қатысты.

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Түркиядағы Қазақстан Елшісі Ж.Түймебаев Ыстамбұлда «Бахчешехир» университетінің ұйымдастыруымен өткен «Global Leadership Forum» халықаралық форумына қатысты.

Аталған форумға Мысыр Премьер-министрі Хешам Кандиль, ТР Парламентінің экс-спикері Коксал Топтан, Түркия Республикасының Еуроодақ істері бойынша министрі Эгемен Бағыш, ТР Қаржы министрі Мехмет Шимшек, ТР Әділет министрі Садуллах Эргин, Марокко Сыртқы істер министрі Саадаттин Алотмани, «Хадсон» (Hudson Institute) институтының президенті Кеннет Вайнштэйн, Халықаралық қатынастар бойынша Американдық тәуелсіз Кеңесінің вице-президенті Илан Берман, «Бахчешехир» университетінің ректоры, сонымен қатар танымал академиялық топтардың өкілдері, саясаткерлер мен Түркиядағы акредитацияланған Куба, Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко және Мысыр елшілері қатысқан болатын.

Форум аясында «Азия және Кавказ болашағы: Энергетикалық қауіпсіздік», «Жаңа кезендегі Американдық сыртқы саясат», «Жаңа әлемдік тәртібіндегі Африка ролі», «Саяси және экономикалық даму: Латын Америка дәрістері» тақырыптарында секциялық отырыстар өтті.

Форумның басты мақсаты - халықаралық ауқымдағы саяси қайраткерлер мен басты іскер топтардың өкілдері экономикалық мәселелерді ашық талқылау үшін тұрақты кездесулер мен диалог алаңын жасау болып табылады.

Аталмыш іс-шараның ашылу салтанатында Түркия Республикасының Парламент экс-спикері К. Топтан және ТР Еуроодақ істері бойынша министрі Э.Бағышпен қатар Түркиядағы Қазақстан Республикасының өкілетті Елшісі Ж.Түймебаев баяндама жасады.

Елші өз баяндамасында Қазақстанның жетістіктері, соның ішінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясының» басты ережелері жөнінде форум қатысушыларын хабардар етті.

Ж.Түймебаев энергетикалық қауіпсіздік мәселелері аймақтық және халықаралық дағдарыстың күшею факторы болып, халықаралық тұрақтылық реттегішіне теңдес екендігін баса айтып, Қазақстанның көпвекторлы энергетикалық және құбыр жүргізу саясатының мүддесі біздің басты серіктестеріміз - Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия, ЕО мемлекеттері, Орталық Азия көрші елдерімен ыңтымақтастық бағытын белгілеуде екендігіне тоқталды.

Форум барысында Ж.Түймебаев ТР Парламентінің экс-спикері К.Топтан, ТР Еуроодақ істері бойынша министрі Э.Бағыш, ТР Әділет министрі С.Эргинмен, сонымен қатар түрлі компания басшыларымен кездесіп, қазақстандық-түрік экономикалық ынтымақтастығының даму перспективалары жөніндегі мәселелерді талқылаған болатын.

Соңғы жаңалықтар