Түркиядағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері көп балалы отбасыға көмек көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері көп балалы отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай Қазақстандық дипломаттар бірлестігінің мүшелері - ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Түркия Республикасындағы Елшілігінің және ҚР Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері асырап алынған 8 баласы бар көп балалы А. Сейілованың отбасына қайырымдылық көмегін көрсетті", - деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында.

Кездесу барысында балаларға арнайы Түркиядан сатып алынған балалардың жазғы және күзгі киімдер жиынтығы, аяқ киімдер берілді.

А. Сейілова көрсетілген көмекке өзінің шын алғысын білдірді. Ол жетім балалар мен көпбалалы және жағдайы жоқ отбасыларға материалдық және рухани көмек беретін «Мейірімділік-М» қайырымдылық ұйымының қызметіне басшылық етеді.

Бірлестік ҚР Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Сапарбекұлына және ҚР Ыстанбұл қаласындағы Бас консул Е. Сапиевке, сонымен қатар ҚР шет елдердегі мекемелерінің барлық ұжымдарына бірлестіктің жобаларына қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.

Соңғы жаңалықтар