Түркиядағы Қазақстан Елшілігі Наурыз мерекесін атап өтті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше, 20 наурызда Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі «Наурыз» мейрамын тойлауды ұйымдастырып,

оған Түркияның билік басындағы Әділет және даму партиясының (ӘДП) Бас хатшысы, қазақстан-түрік парламенттік достық тобының төрағасы Халюк Ипек, ТР Сыртқы істер министрінің орынбасары Фатих Жейлан, Парламент депутаттары, Әзірбайжан, Беларусь, Түркіменстан, Өзбекстан Елшілері және басқа да белгілі тұлғалар, мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғамдық, академиялық топтар, қазақ диаспорасының өкілдері мен Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттер қатысты.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев қонақтарды мерекемен құттықтап, оларға бақыт және табыс тіледі.

Өз кезегінде ӘДП Бас хатшысы Х.Ипек Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, түркі халықтары ежелден осы бейбітшілік пен келісім мейрамын тойлап келгенін атап өтті. «Наурыз мейрамы барлық этностар арасындағы достық пен бейбітшілікке баға жетпес үлес қосуда және біздің жалпыхалықтық мерекелеріміздің бірі болып табылады. Қазақстан мен Түркия аймақтағы бейбітшілік пен ынтымақтастықтың символдары болып табылады, олардың арасындағы қатынастар басқа елдер үшін үлгі болуда», - деді түрік саясатшысы.

Қазақ диаспорасы мен студенттер үшін «Наурыз» - ерекше мейрам. Түркиядағы қазақстандықтар тағы да бір рет еліміздің ұлттық мәдениетімен және өнерімен, музыкалық ұжымдарының шығармашылығымен танысты.

Мерекелеу барысында дастархан жайылып, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар