Түркиядағы қазақ диаспорасының балалары Қазақстанда болып қайтты

None
None
ТАМБҰЛ. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен тұңғыш рет Ыстамбұл қаласында тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің Абай,

Абдулхак Хамит және Газипаша атындағы мектептерінде үздік оқуымен және қоғамдық жұмыстарды атқаруда белсенділігімен көзге түскен 15 баласы мен 2 мұғалімі үшін «Балдәурен» оқу-сауықтыру санаторийінде жазғы демалыс ұйымдастырылды. Олар сауықтыру және спорт шараларына, қазақ тілін үйрену дәрістеріне қатысты, Астананың көрікті жерлерін аралады.

Аталған шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және қазақстан-түрік қатынастарының 20-жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылды.

Бұл сапардың балалардың атажұртпен жақынырақ танысудағы маңызы зор болды және Қазақстанның жетістіктерін өз көздерімен көруге мүмкіндік берді.

Қазақстан-түрік қатынастарының 20 жылдық тарихында ұйымдастырылған мұндай іс-шара қазақ диаспорасының еліміз басшылығының атына білдірілген зор ризашылықпен қарсы алынды.

Соңғы жаңалықтар