Түркиядағы қазақ ауылы Жамбыл облысы ұжымының өнерін тамашалауға жиналды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияда жүрген Жамбыл облысы Шу ауданының «Əсем əуен» фольклорлық ансамблінің гастрольдік сапары Нигде қаласының Бор муниципалитетінде жалғасты. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Əсем əуен» фольклорлық ансамблі Түркиядағы «Анадолу» дәстүрлі фестиваліне қатысып жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

nullШығармашылық делегацияны күтіп алған Бор муниципалитеті мәдениет басқармасының басшысы Мехмет Баш тарихи орындарды аралатып, көне Тиана қалашығы аспан асты музейімен таныстырды. Кешкісін 5 мың орындық амфитеатрда өткен концертке жақын маңдағы Алтай қазақ ауылының тұрғындары арнайы келді. Сондай-ақ шараға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Нигде қаласының мэрі Йылмаз Шимшек, Бор муниципалитеті  мэрі Сыткы Ерат және басқа да лауазымды тұлғалар мен БАҚ өкілдері қатысты.  

nullБиыл 15-ші мəрте ұйымдастырылып отырған «Анадолу» фестиваліне алыс-жақын түркітілдес мемлекеттерден және Түркия аумағындағы барлық қалалар мен провинциялардан шығармашылық топтар шақырылды. Олар он күн бойы Анадолу жерін думанға бөлеп, ұлттық фольклорын паш ететін болады.

  null 

Соңғы жаңалықтар