Түркиядағы Ескишехирде Қазақ мәдениеті және қазақ тілін үйрету орталығы ашылады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат- Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевтың Түркия Ұлттық білім министрі Н.Авжымен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы білім, технологиялық зерттеулер саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Н.Авжы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары ішіндегі біздің еліміздің биік жетістіктерін атап өтті. Елдеріміз арасында қол қойылған құжаттар, атап айтқанда 2009 жылы қазан айында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым және техника саласындағы келісім шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі жандандыру ниеті білдірілді.

Өз кезегінде Елші Жансейіт Түймебаев саясат, экономика және мәдениет, білім бағыттарындағы қазақстан-түрік ынтымақтастығының қарқынды дамуы, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген табыстарын айтып өтті. Қазақстанда қазақ-түрік лицейлер мен түрік тілін үйрету орталықтарын жұмыс атқарып жатқанын еске салған елші, Түркияда да Қазақ мәдениеті және тіл үйрету орталықтарын ашу қажеттігін тілге тиек етті.

Сұхбат нәтижесінде ең таяу кезенде Түркияның ең ірі провинциялардың біреуі болып табылатын Ескишехирде Қазақ мәдениет және қазақ тілін үйрету орталығын ашу жөнінде келісілді.

Сұхбаттасушылар екі елдің ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға әзірліктерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар