Түркиядағы ең көне Гёбекли-Тепе ғибадатханасының тағы бір құпиясы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Жердің ең көне ғибадатханасы - Гёбекли-Тепеде қазба жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Шанлыурфа провинциясындағы қазба жұмыстары кезінде ғибадат етуге арналған 15 ірі орын, неолит дәуірінің өкілдері ритуалдық мақсатта пайдаланған 200-ден астам тасты колонна табылды.

«Харран» түрік университетіндегі Археология факультетінің басшысы, профессор Мехмет Онал «Анадолыға» Гёбекли-Тепе аумағындағы археологиялық қазбалар шамамен 150 жылға жалғасатынын айтты.

«Түркия ЮНЕСКО-ның әлемдік жәдігерлерінің қатарына енген Гёбекли-Тепе кешенін сақтап, келер ұрпаққа жеткізу үшін барлық жағдайды жасайды»,- деді профессор.

Оның айтуынша, Гёбекли-Тепе маңайындағы қазба жұмыстары ширек ғасырдан бері жалғасып келе жатыр. Зерттеулер жүргізіліп жатқан жердің аумағын ескере отырып, ғалымдар әлі 150 жылдай еңбектенетінін сеніммен айтуға болады.
null

«Ғылыми кеңес бұл ауданда беймәлім өркениеттің жаңа ескерткіштері табылатынына сенімді», - деді Онал.

Гёбекли-Тепе кешенін алғаш рет 1963 жылы Ыстанбұл және Чикаго университеттерінің мамандары зерттеген.

1995 жылы Неміс археологиялық институты мен Шанлыурфа музейінің бірлесіп жүргізген қазба жұмыстары кезінде биіктігі 3-6 метр болатын Т-тәріздес стеллалар табылған. Оларда неолит дәуіріне жататын жыртқыш аңдар бейнеленген болған.

Сондай-ақ, қазба кезінде бойы 65 см адамның мүсіні табылған. Жасы шамамен 12 мың жылдың айналасында деп болжанды.

null

Соңғы жаңалықтар