Түркиядағы демалысы кезінде жол апатына ұшыраған қостанайлық көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 22 жастағы қостанайлық Константин Иванов 3 апта бойы ес-түссіз жатқаннан кейін түрік клиникасында көз жұмды.

Бұрын хабарланғандай, К.Иванов 9 маусымда жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алды. Ол түрік азаматының жеңіл автомобильде болған, бұл көлікке Mercedes келіп соғылған. Апатқа кінәлі азамат ешқайда кетпеу туралы қолхат алды.

Жапа шегушінің миына күрделі ота Анталиядағы жекеменшік клиникалардың бірінде медициналық сақтандыру қаражатына жасалды.

Әлеуметтік желі арқылы Ивановтың денсаулық жағдайын жерлестері бақылап отырды әрі кей азаматтар оның жанұясына көмектесу үшін қаражат жинады. ҚР СІМ қазақстандыққа қажетті көмек көрсететінін мәлім еткен.

Алайда дәрігерлер Ивановты аман алып қала алмады. Ол кеше көз жұмды. Бұл туралы оның туыстары ғаламтор арқылы хабарлады.

Қостанайда кеше Константин Ивановтың достары оның құрметіне арналған автошеру ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар