Түркиядағы Айя-София мешітіне келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Фото: None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Ыстанбұлдағы Айя София мешіті мұсылмандар ғибадаты үшін ашылғаннан кейінгі екінші жылы, яғни биыл 6,5 млн астам келушіні қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Жергілікті және шетелдік туристер үшін Айя-София мешіті - Түркияның ең танымал жерлерінің бірі болып саналады. 1985 жылы тарихи орын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.

1453 жылы Ыстанбұлды жаулап алғанға дейін Түркияның әйгілі жері 916 жыл бойы шіркеу қызметін атқарды. Осыдан кейін 1934 жылға дейін ол мұсылман мешіті болып саналды, ал келесі 86 жыл ішінде 2020 жылға дейін ол адамдар үшін мұражай ретінде ашылды.

2020 жылдың 10 шілдесінде түрік соты Айя-Софияны мұражай деп санаған сол жылдардағы Министрлер кабинетінің бұрын қабылдаған өкімінің күшін жойды. Ғимарат бұрынғы мақсатына қайтарылып, сол жылдың 24 шілдесінде Түркия президенті Р. Ердоған пандемияға қарамастан, жүздеген діндар мұсылманмен мешіттің ішінде намаз оқыды.

Ыстанбұл мүфтиінің орынбасары Ахмет Актюркоглуның айтуынша, ғимарат мәртебесінің мұражайдан мешітке ауысуы – Ислам тарихындағы өте маңызды оқиға. Ғажайып ғимарат көптеген діндарлар мен туристерді қызықтырған, ал Құрбан айт мерекесі кезінде келушілер ерекше қызығушылық танытқан.

«Әлемнің көптеген қасиетті орындары сияқты, Айя-София да келушілер тарапынан сұранысқа ие. Ол, әсіресе құлшылық ету үшін қайта ашылғаннан кейін жергілікті және шетелдік туристердің назарын аударды. Ашылғаннан кейінгі екінші жылы мешіт 6,5 миллионнан астам адамды қабылдады, ал елдегі ұзақ демалыс кезінде күн сайын 120 мыңнан астам адам Айя-Софияға келген. Белгілі болғандай, әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар мешітке таң намазына барады», - деп атап өтті ол.


Соңғы жаңалықтар