Түркиядағы апаттан аман қалған Сабина Мамадьярова елге оралды

None
Әлеуметтік желілерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияда жер сілкінгенде аман қалған Сабина Мамадьярова Қазақстанға оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол ауруханада емделіп жатқан кезеңде біздің консул тұрақты байланыста болды. Сабина Мамадьярованың жанына жақын туыстары да барды. Ол Қазақстанға оралды», - деді А.Смадияров министрлікте өткен апталық брифингіде.

Осы орайда ол Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының елге сапарын ұйымдастыруға көмектескенін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 8 ақпанда Түркиядағы табиғи апаттан кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылғанын жарияланды.

Көп ұзамай оның қолына ота жасалды.


Соңғы жаңалықтар