Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 115 болды

None
None
ИЗМИР. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияның батысында болған зілзала құрбандарының саны 115 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) ресми мәлімет таратты.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, 30 қазандағы жер сілкінісінен кейін жалпы саны 2846 афтершок тіркелген. Оның ішінде 46 жағдайда жерасты дүмпуінің магнитудасы 4 балдан асқан.

Зілзала салдарынан 115 адам қаза болып, 1 035 адам жарақат алған. Оның шінде 1 011 тұрғын медициналық көмек көрсетіліп, қажетті ем-шараны алған соң үйіне жіберілген. 23 адам әлі емделіп жатыр.

Измирдегі қираған ғимараттардың бәрінде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.

Еске сала кетейік, 30 қазанда Измир провинциясы Эгей теңізінің жағалауында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болған еді.


Соңғы жаңалықтар