Түркияда зілзала құрбандарының саны 5,4 мыңнан асты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5434-ке жетті, 31 777 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) апат аймағындағы соңғы мәліметтерді жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, табиғи апат салдарынан 5 775 ғимарат қираған.

Еске сала кетсек, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те-7,6 балл).

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда апат құрбандары үшін жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту туралы жариялады.

Сондай-ақ, қазақстандық құтқарушылар Газиантеп қаласының орталығында іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Түркияға 41 адамнан тұратын топ барды, оның ішінде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларынан бөлек, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де бар.

Соңғы жаңалықтар