Түркияда зілзала құрбандарының саны 19 мыңнан асты

Фото:
АНКАРА. АНАДОЛЫ- ҚазАқпарат – Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарымен күреске 141 мың адам жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Табиғат апаты салдарынан 19,3 мың адам құрбан болды», деді Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған.

10 провинциядағы апат болған аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстарына шетелден келген құтқарушыларды қоса алғанда 141 мың адам жұмылдырылған.

Түркия басшысы елдің оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінің салдарымен күреске үлес қосып жүрген азаматтардың барлығына алғыс білдірді.

Режеп Тайип Ердоған мемлекеттің табиғат апатынан зардап шеккен адамдардың барлығына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Ол апат аймағындағы ел тұрғындарын зілзаланың салдарымен күресте мемлекетке сенім артуға шақырды.

Түркия президенті апат болған аймақтан келгендерді паналатқандарға айына 5 мың түрік лирі, ал баспананы жалға алып жатқандарға 2 мың лирі төленетінін айтты.

Мемлекет басшысы Кахраманмараштан басталған жер сілкінісі құрбандарының саны 19 388 адамға жеткенін, сондай-ақ 77 711 адамның зардап шеккенін мәлімдеді.

Фото : aa.com.tr


Соңғы жаңалықтар