Түркияда жылдық инфляция төмендеді

None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркиядағы жылдық инфляция қаңтар айында 64,27%-дан 57,68% дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Түркия статистика институтына (TÜİK) сілтеме жасап.

Ал Инфляцияға тәуелсіз сараптама жасау тобы (ENAG) бұл көрсеткіш былтырғы инфляциямен салыстырғанда 9,26 пайыз пунктіге өсіп, 121,62% құрағанын жеткізді.

Түркия билігі 2020 жылдың желтоқсанынан түрік лирасын нығайтуға басымдық беретін жаңа экономикалық саясат жүргізіп келеді. Соған қарамастан, былтыр долларға шаққандағы ұлттық валюта бағамы күрт төмендеп кетті, ал кейінгі айларда білінер-білінбес құлдырауды өткерді.

Бұған дейін, Түркияның Орталық банкі инфляция елде 2023 жылдың соңында төмендейді деп жорамалдаған. Болжам 22,3% дәрежесінде өзгеріссіз қалды, ал 2024 жылдың соңына арналған инфляциялық көрсеткіш есебі 8,8% болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша да Түркияда биыл инфляция бәсеңдейді.
БҰҰ баяндамасында елде жыл соңына дейін экономика 3,7%-ға қарқынды өсетіні, ал инфляция 42,4% дейін төмендейтіні айтылды.


Авторы: Ақжігіт Чукубаев


Соңғы жаңалықтар